Бүгін ҚР ПІБ жыл сайынғы спартакиадасының жалпы командалық қорытындысын аппарат басшысы Серік Кенжебаев қорытындылады. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының командасы жалпы командалық есепте құрметті үшінші орынға ие болды.
Іс-шара жыл бойына созылды. Оған орталық аппарат пен ведомстволық қарасты ұйымдардың командалары қатысты. Жалпы командалық есептің көшбасшысы және ауыспалы Жеңімпаздар кубогының иегері ҚР ПІБ Медициналық орталығының ұжымы болды. Екінші орынды ҚР Президенті Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттар дирекциясының командасы жеңіп алды.
Іс-шараны ұйымдастырушылар да ынталандырудан тыс қалмады. Жарыстың үздік ұйымдастырушысы болып МТҚБ ресми іс-шаралар басқармасының басшысы Махамбет Сағитов танылды.