ҚР ПІБ Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының басшысы Серік Бақтиярдың "Инженерлік орталық" РМК ұжымымен кездесуі бүгін Парламенттің баспасөз орталығының залында өтті.
МТҚБ басшысы жыл қорытындысын шығарып, ұжымның ауызбіршілігін, ел үшін маңызды іс-шараларды ұйымдастыруға қосқан үлесін атап өтіп, сапалы жұмысы үшін алғысын білдірді, сондай-ақ Инженерлік орталық мамандарымен жекелеген өндірістік мәселелерді талқылады.
С. Бақтияр Парламент жұмысының цифрландыру бағытында басталған жұмыстардың маңыздылығын ерекше атап өтіп, келесі жылы тапсырмалардың көбеюін және олардың уақытылы орындалуының маңыздылығын айтты.
Кездесу соңында МТҚБ басшысы қызметкерлердің сұрақтарына жауап беріп, Парламент палаталары басшылығының атынан ерекше көзге түскен мамандарға құрмет грамоталарын табыс етті, ведомстволық бағынысты кәсіпорын ұжымын келе жатқан мерекемен құттықтап, жаңа жылда табыс тіледі.