Басты бетМТҚБ басшысының ведомстволық қарасты кәсіпорындар ұжымдарымен кездесулері басталды

МТҚБ басшысының ведомстволық қарасты кәсіпорындар ұжымдарымен кездесулері басталды

МТҚБ басшысының ведомстволық қарасты кәсіпорындар ұжымдарымен кездесулері басталды МТҚБ басшысының ведомстволық қарасты кәсіпорындар ұжымдарымен кездесулері басталды

«МТҚБ Автошаруашылығы» РМК ұжымы бірінші болып Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының басшысы Серік Бахтиярдың қабылдауында болды. Көтерілген мәселелердің қатарында — жыл қорытындылары, тапсырыс берушілерге қызмет көрсету сапасын арттыру және жұмыс жағдайлары бойынша «кері байланыс» болды.

Бұл жылы Автошаруашылық үшін ШЫҰ, ҰҚШҰ саммиттері және Дүниежүзілік көшпенділер ойындары делегацияларына қызмет көрсету кезінде үлкен жүк түсті. Ұжым маңызды мемлекеттік шараларды ешқандай ескертусіз жоғары деңгейде атқарды.

Сонымен қатар, кәсіпорын өзінің өндірістік инфрақұрылымын толығымен жаңартты. Заманауи автоматты жуу, автожанармай құю станциясы салынды, газ және дизель отынымен жұмыс істейтін автономды қазандық пайдалануға берілді.

Серік Бақтияр кәсіпорынның жүргізушілері мен әкімшілік-басқару персоналына сенімді жұмысы үшін алғысын білдіріп, одан әрі табыс тілеп, ұжымның сұрақтарына жауап берді.