ҚР ПІБ МТҚБ басшысы Серік Бақтияр «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының әкімшілік ғимараттар дирекциясы» РМК қызметкерлерімен бейресми кездесу өткізді.
МТҚБ басшысы жыл қорытындысын шығарды, МТҚБ ӘҒД ұжымының ұйымшылдығы мен кәсібилігін атап өтті, сапалы жұмысы үшін алғысын білдірді, ШЫҰ саммиті және Дүниежүзілік көшпенділер ойындары сияқты ел үшін маңызды іс-шараларды өткізуге қосқан үлесін атап өтті.
МТҚБ басшысының ведомстволық қарасты кәсіпорындардың қызметкерлерімен «жүректен шыққан әңгімесі» дәстүрге айналған және үнемі өткізіліп тұрады. Бұл жолы кездесуде жыл қорытындысы талқыланып, қызметкерлерді толғандыратын сұрақтарға жауап берді.
Бірінші кезектегі өндірістік міндеттердің қатарында қызметкерлер Парламенттің ғимараттары мен қызметтік тұрғын үйлеріне техникалық қызмет көрсету үшін сатып алудың уақтылығы мәселесін қойды. Олардың ішінде әлеуметтік маңызы бар тұрғын үй мәселесі және көпбалалы отбасыларды қолдау.
Әкімшілік ғимараттар дирекциясында 500-ден астам адам, олардың арасында қызмет көрсету саласының 30-дан астам мамандығы бар — аспаздар, инженерлер, электриктер, тазалаушылар, сантехниктер... жұмыс істейді
Қызметкерлерге қойылған барлық мәселелер бақылауға алынды.