Басты бетЖалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру

Жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру

Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, 12-кіреберіс, анықтама телефоны: 8(7172)747451, e-mail: a.omarova@umto.gov.kz (файлдардың рұқсат етілген көлемі – 10 MB), «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін жалпы конкурс жариялайды:

Ресми іс-шаралар басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты

Функционалдық міндеттері:

Ресми іс-шараларға қызмет көрсету мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының аппараттарымен, Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасымен, министрліктермен, ведомстволармен, мемлекеттік ұйымдармен, компаниялармен және ведомстволық бағынысты кәсіпорындармен өзара іс-қимыл жасау. Парламенттің ресми іс-шараларын, өкілдік шығыстар бойынша нормаларды ұйымдастыру бойынша бюджеттік өтінімді әзірлеу. Іс-шараларға қатысушылардың Covid-19-ға ПТР-тестілеуді қамтамасыз ету іс-шаралар бойынша шығыстар сметасын және шығындар бойынша есептерді дайындау. Кәдесый-сыйлық және гүл өнімдерімен қамтамасыз ету. Тауарлық-материалдық құндылықтарды шұғыл қоймалық есепке алуды, қабылдауды, сақтауды және босатуды жүзеге асыру, тауарлық-материалдық құндылықтарды түгендеуге қатысу. Кәдесый және сыйлық өнімдерінің көрмелерін ұйымдастыру, каталогтарды дайындау. Басқарманың іс қағаздарын жүргізу. Ресми іс-шараларға қызмет көрсету үшін тауарларды жеткізуге және қызметтер көрсетуге шарттар дайындау; іс-шаралар аяқталғаннан кейін төлем шоттарын алу.

Орташа лауазымдық жалақысы: 268 344

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: бизнес, басқару және құқық (менеджмент және/немесе халықаралық құқық және/немесе құқықтану және/немесе маркетинг және/немесе мемлекеттік аудит және/немесе экономика және/немесе қаржы және/немесе есеп және аудитжәне/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару); әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (халықаралық қатынастар).

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілеттік органмен анықталатын тиісті санатқа арналған әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасы заңнамасын; «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңын, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, бюджет заңнамасы, салық салу және мемлекеттік сатып алу саласындағы мәселелерді реттейтін Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерді, «Қазақстан - 2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын  білуі.

Конкурсқа барлық қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары С-4 санаты үшін:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабардар етуге бағдарлану, парасаттылық, ынтымақтастық және өзара іс-қимыл, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: стресске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілуден өткені туралы жарамды сертификаттың болуы (жұмыс істеп жүрген мемлекеттік қызметшілерге қолданылмайды).

 Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілеттік органмен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына Үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес жұмыс тәжірибесі болуы. ЖК-ні және Word, Excel, Outlook Express кеңсе бағдарламалар пакетін, электрондық құжатайналым, электрондық мұрағат бағдарламаларын білуі.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күні.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидаларының (бұдан әрі - Қағидалар) 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш (бұдан әрі - Өтініш);

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен көрсетілген Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

3) білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері;

"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:

1) Өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.

Бұл ретте мемлекеттік қызметшілер "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды тапсыра алады.

Әңгімелесу өткізу орынымен мерзімдері: жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы, Астана қаласы,  Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі, 12-кіреберіс мекенжайында өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады.