Бүгін ҚР Президентінің Іс басқарушысы Асат Нұрпейісов "Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының Автошаруашылығы" РМК нысандарының дайындығын тексерді.
Биыл МТҚБ Автошаруашылығында өндірістік инфрақұрылым толығымен жаңарды: автобустарды жууға мүмкіндік беретін заманауи автоматты жуу боксы және 12 жанармай құю қондырғысы бар 3 бағаналы жанармай станция салынды.
"Қазіргі таңда барлық құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды, жабдықтарды тексеру және баптау жүргізіліп жатыр", - деді МТҚБ басшысы Серік Бақтияр Іс басұарушыға.
Ол сондай-ақ жылу маусымының басында кәсіпорында газ және дизель отынымен жұмыс істейтін автономды қазандық пайдалануға берілгенін хабарлады.
Сонымен қатар, Іс басқарушы МТҚБ Автошаруашылығының гараждары мен басқа да өндірістік объектілерін көрді, кәсіпорынның аз отбасылық жатақханасындағы қызметкерлерге жасалған жағдаймен танысты.