Басты бетВедомстволық қарасты кәсіпорындардың заң қызметтерін орталықтандыру жөніндегі пилоттық жобаның іс...

Ведомстволық қарасты кәсіпорындардың заң қызметтерін орталықтандыру жөніндегі пилоттық жобаның іске асырылу барысы тексерілді

Ведомстволық қарасты кәсіпорындардың заң қызметтерін орталықтандыру жөніндегі пилоттық жобаның іске асырылу барысы тексерілді

Парламентаризм институтында МТҚБ басшысы Серік Бақтияр Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының ведомстволық қарасты кәсіпорындарының заң қызметтерін орталықтандыру бойынша пилоттық жобаны іске асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді. 

Кеңесте орталықтандырылған қызметтің күшті және әлсіз жақтары талқыланды, жұмыстың аралық қорытындылары шығарылды, пилоттық жобаға қатысатын мамандардың пікірі тыңдалды.

Кездесу қорытындысы бойынша МТҚБ басшысы пилоттық жоба басталғанға дейін және одан кейін (2024 жылғы шілде – тамыз аралығындағы жұмысты қыркүйек – қазан айларымен салыстырғанда) атқарылған жұмыс бөлігінде ВҚК заңгерлерінің тиімділігіне, оның ішінде әрбір қызметкердің тиімділік көрсеткіштеріне салыстырмалы талдау дайындауды тапсырды.  Сондай-ақ, заң қызметтерінің жұмыс процестерін цифрландыру және олардың қызметін стандарттау бойынша ұсыныстар беру тапсырылды.

Естеріңізге сала кетейік, заң қызметтерін орталықтандыру бойынша пилоттық жоба ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап МТҚБ жүйесінде жұмыс істейді. Оның мақсаты - кәсіпорындардың қызметінде туындайтын проблемалық құқықтық мәселелер бойынша бірлескен шешімдер әзірлеу арқылы заң қызметтерінің жұмыс әдістерін жетілдіру, сондай-ақ Парламентаризм институтының ғылыми қызметкерлер базасының көмегімен заңгерлердің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыру болып табылады.