Республика күні қарсаңында ҚР ПІБ Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының басшысы Серік Бақтияр салтанатты жиналыста ұжымды келе жатқан мерекемен құттықтап, ерекше көзге түскен қызметкерлерге грамоталар мен алғыс хаттар табыс етті.
Мінсіз адал еңбегі үшін Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Құрмет грамотасымен МТҚБ заң басқармасының басшысы Нұрсұлтан Төлендиев, ал қаржы-экономикалық басқармасының бас сарапшысы Жадыра Әкімова – ПІБ алғыс хатымен марапатталды.
ҚР Парламенті Мәжілісінің қызметін қамтамасыз етудегі жемісті еңбегі үшін Мәжіліс аппараты басшысының Алғыс хатын МТҚБ күрделі құрылыс басқармасының басшысы Аяш Тоқсанова алды.
Елімізде Сенат қызметін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді үлгілі орындағаны үшін ҚР Парламенті Сенаты Аппараты басшысының алғыс хаттары ведомстволық бағынысты кәсіпорындармен жұмыс басқармасының бас сарапшысы Әділжан Байбуриновке және бухгалтерлік есеп және есептілік басқармасының бас сарапшысы Гүлнар Сейітоваға табысталды.
"Сіздерді Ұлттық мереке – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге зор денсаулық, бейбітшілік пен амандық, жаңа өндірістік табыстар мен еңбекте жетістіктер тілеймін!",- деп қорытындылады МТҚБ басшысы Серік Бақтияр.