Басты бетМатериалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармас...

Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының әкімшілік ғимараттары дирекциясы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны директоры лауазымының бос орнына конкурс жариялайды.

Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының әкімшілік ғимараттары дирекциясы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны директоры лауазымының бос орнына конкурс жариялайды. 

«Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының әкімшілік ғимараттары дирекциясы» РМК мына мекенжайда орналасқан: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәнгілік Ел даңғылы, 2-үй. Анықтама телефоны (7172) 74-74-60, 74-74-51.

Кәсіпорынның негізгі қызметі – тиісті саланың уәкілетті органының әкімшілік ғимараттарын және қызметтік тұрғын үйлерін пайдалануды жүзеге асыру, Қазақстан Республикасы Парламентінің жабдықтау функцияларын ұйымдастыру және орындау, қоғамдық тамақтандыру, құжаттарды көбейту және баспа өнімдерін дайындау саласында қызмет көрсету

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

білімі жоғары кәсіби;

● мамандығы бойынша экономика саласы кәсіпорнының бейініне сәйкес басшы лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы;

● осы санаттағы нақты лауазым мамандарына сәйкес, салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу;

Word, Excel бағдарламалары бар дербес компьютермен жұмыс жасай білу, Интернет, электрондық поштасындағы жұмыс дағдылары;   

лауазым бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті  міндетті түрдегі басқа да білімдерді меңгеру.  

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар конкурс жариялаған Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасында конкурсқа қатысуға рұқсат етілген тұлғалардың тізімі бекітілгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде өтеді.

 

Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттар тізімі: 

1. Конкурсқа қатысу туралы өтініш; 

2. Мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме; 

3. Еркін түрде жазылған өмірбаяны; 

4. Білімі және еңбек өтілі туралы нотариалдық бекітілген құжаттар көшірмесі; 

5. Нысан бойынша денсаулығы туралы анықтама; 

6. Қазақстан азаматтығының жеке куәлігінің көшірмесі.

 

Құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған күннен бастап 15 КҮНТІЗБЕЛІК КҮН өткеннен кейін аяқталады.

Құжаттарды қабылдау және конкурс мына мекенжайда өтеді: Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8 үй, Министрліктер үйі, 12 кіреберіс, А314 кабинет, анықтама телефоны (7172) 74-74-60, 74-74-51.

.