Басты бетЖалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру

Жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру

Бас сарапшы

С-4 санаты (№ 1-3-1-1)

2027 жылғы 26 сәуірге дейін уақытша бос әкімшілік мемлекеттік лауазымы

 

Өлшемшарттары

Біліктілік талаптары

Білімі

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: Бизнес, басқару және құқық (экономика, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік аудит).

Біліктілік талаптары

Мынадай біліктіліктердің болуы: стресске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілуден өткені туралы жарамды сертификаттың болуы (жұмыс істеп жүрген мемлекеттік қызметшілерге қолданылмайды)

Кәсіби құзіреттілігі

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілеттік органмен анықталатын тиісті санатқа арналған әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасы заңнамасын; Қазақстан Республикасы Еңбек кодексін; «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы»Қазақстан Республикасының конституциялық заңын,

«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңын, Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексін және бюджетті жоспарлау бойынша  өзге де нормативтік құқықтық актілерді білуі.

Іс тәжірибесі

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілеттік органмен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына Үлгілік біліктілік талаптарына  сәйкес жұмыс тәжірибесі болуы.

ЖК-ні және Word, Excel, Outlook Express кеңсе бағдарламалар пакетін, электрондық құжат айналымы бағдарламасын,  қаржы құжаттарымен жұмыс істеу тәжірибесінің болуы.

Мемлекеттік органдардың  архитектуралық порталдарымен жұмыс істеу дағдыларының болуы.

Функционалдық міндеттері

Алдағы қаржылық және 3 жылдық кезеңге арналған бюджеттік өтінімдерді жоспарлау және дайындау бойынша жұмыстарды орындау. Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының немесе басқа заңды бастамалар негізінде республикалық бюджетті нақтылау бойынша ұсыныстарды заңнамалық актілерге сәйкес қалыптастыру. Штаттық кестенің жобасын әзірлеу. Бюджетті, қызметті нормативтік құқықтық қамтамасыз ету бойынша ведомстволық қарасты кәсіпорындарға әдістемелік көмек беруді жүзеге асыру.

 

 

Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8 үй, Министрліктер үйі, 12 кіреберіс, А314 кабинет, анықтама телефоны (7172) 74-74-51 a.omarova@umto.gov.kz