Басты бетАйдар Қонқаев МТҚБ ӘҒД директоры болып тағайындалды

Айдар Қонқаев МТҚБ ӘҒД директоры болып тағайындалды

Айдар Қонқаев МТҚБ ӘҒД директоры болып тағайындалды

Айдар Амантайұлы Қонқаев ҚР ПІБ МТҚБ басшысының бұйрығымен «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының әкімшілік ғимараттары дирекциясы» РМК директоры болып тағайындалды.

Бүгін, 24 қыркүйекте МТҚБ басшысы Серік Бақтияр ӘҒД ұжымына жаңа басшыны таныстырып, болашаққа міндеттер қойып, табысты жұмыс тіледі. Тағайындау меритократия қағидаты бойынша өтті.

2018 жылдан бастап Айдар Қонқаев МТҚБ ӘҒД-да әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді: өндірістік-техникалық бөлімнің инженері, лифтілерге қызмет көрсету қызметінің бастығы, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды пайдалану қызметінің бастығы. Лауазымға тағайындалғанға дейін - кәсіпорын директорының орынбасары қызметін атқарды.

Айдар Қонқаев 1979 жылы 16 мамырда Көкшетау қаласында дүниеге келген.

2002 жылы Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін «тау-кен инженері» мамандығы бойынша бітірген, 2003 жылы «Қаржы және несие» мамандығы бойынша диплом алды.

Еңбек жолын 2003 жылы Көкшетау қаласының «Солтүстік өңірлік басқару» көліктік сервис орталығы» ААҚ жетекші инженері болып бастаған.

Әр жылдары «Акцепт-Терминал» АҚ Ақмола филиалының кедендік ресімдеу бойынша маманы; «Қазақ әуендері» АҚ экономика және қаржы департаментінің экономисі; «Ағыс LTD» ЖШС директорының орынбасары болып жұмыс істеді.