Әдеп жөніндегі уәкіл Чинара Жәниева МТҚБ ұжымы үшін мемлекеттік органдағы мәдениет деңгейін анықтау бойынша сауалнама нәтижелерін, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілерге шектеулер қоятын лудомания және ойын бизнесі бойынша заңнамалық өзгерістерді түсіндірді.
Күшіне енген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі, лотерея қызметі, ... мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңымен құмар ойындарға/бәс тігуге қатысуына тыйым салынатын адамдар санатының тізімі кеңейтілді.
«Енді мемлекеттік қызметшілер, әскери қызметшілер, арнайы және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, бюджеттік ұйымдардың басшылары да құмар ойындарға/бәс тігуге қатыса алмайды. Шектеуді сақтамағаны үшін оларды жұмыстан шығару қарастырылған», - деп атап көрсетті Ч. Жәниева.
Сондай-ақ ел азаматтары үшін құмар ойындарға/бәс тігуге өз еркімен өзін-өзі шектеу мүмкіндігі 1 жылдан 10 жылға дейін ұлғайтылғанын атап өтті.
Әдеп жөніндегі уәкіл әріптестеріне мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқының әдеп нормаларын еске салып, ұжымдағы өзара қарым-қатынас мәдениетінің деңгейін айқындайтын тоқсан сайынғы зерттеулердің нәтижелерімен таныстырды. Анонимді сауалнама МТҚБ-да ішкі коммуникацияның, өзара әрекеттестіктің және өзара сыйластықтың жоғары деңгейін көрсетті.