Басты бетМТҚБ ведомстволық қарасты кәсіпорындардың заң қызметтерін орталықтандырады

МТҚБ ведомстволық қарасты кәсіпорындардың заң қызметтерін орталықтандырады

МТҚБ ведомстволық қарасты кәсіпорындардың заң қызметтерін орталықтандырады

2 қыркүйекте Парламентаризм институтының базасында Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы ведомстволық қарасты кәсіпорындарының заң қызметтерінің жұмысын орталықтандыру жобасы пилоттық режимде іске қосылды. 

Жобаның мақсаты кәсіпорындардың қызметінде туындайтын проблемалық құқықтық мәселелер бойынша бірлескен шешімдер әзірлеу арқылы заң қызметтерінің жұмыс әдістерін жетілдіру, сондай-ақ Парламентаризм институтының ғылыми қызметкерлер базасының көмегімен заңгерлердің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыру болып табылады.

Пилоттық жобаның басым міндеттерінің бірі заңгерлер жұмысының тиімсіз функционалдық құралдарын анықтау және оларды кейіннен алып тастау болып табылады. Жұмыстың жаңа жүйесі заң қызметінің кәсіби дамуына жаңа серпін береді деп күтілуде.