Басты бетМТҚБ кәсіпорындары парламент сессиясын бастауға дайын екендіктерін хабарлады

МТҚБ кәсіпорындары парламент сессиясын бастауға дайын екендіктерін хабарлады

МТҚБ кәсіпорындары парламент сессиясын бастауға дайын екендіктерін хабарлады

МТҚБ басшысы Серік Бақтияр ведомстволық қарасты ұйымдардың жазғы кезеңде атқарылған жұмыстары мен жаңа парламент сессиясының ашылуына дайындығы туралы есебін қабылдады.

 

Депутаттар болмаған кезде МТҚБ Әкімшілік ғимараттар дирекциясы ҚР Парламенті палаталарының бірлескен мәжіліс залын ҚР Парламенті Мәжілісінің мәжіліс залына қайта жаңартуды жүргізді. Сондай-ақ, «Үкімет үйіндегі» ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырыстарының жаңа залына жөндеу жұмыстары аяқталды. Сонымен қатар, кәсіпорын қызметкерлері жалпы ауданы 6 395,6 м² Мәжіліс ғимаратындағы 61 кабинетті жөндеп, жалпы ауданы 1287,8 м² Сенат ғимаратындағы 49 кабинет пен үй-жайларды ретке келтірді.

ҚР Парламенті ғимараттарының инженерлік жүйелерін, жабдықтары мен қауіпсіздік жүйелерін жаңа сессияға дайындау бойынша үлкен көлемде жұмыстар атқарылды.

Барлық нысандар жылыту маусымына дайындалып, оларға дайындық паспорттары алынды.  Әкімшілік ғимараттардың резервтік электрмен жабдықтау көздеріне техникалық қызмет көрсетілді, сондай-ақ люстралардың 16 лифті мен 10 жүк көтергіш механизміне техникалық куәландыру жүргізілді. 80 аналогтық бейнебақылау камералары IP камераларына ауыстырылды. Көру қабілеті бұзылған адамдарға арналған дыбыстық бағыттаушы құралдар орнатылды.

Желдету жүйелерін тазалау және дезинфекциялау, ғимараттардың терезелері мен витраждарын жуу жұмыстары жүргізілді. 7 металл есіктің орнына «үрейге қарсы» жүйесі бар өртке қарсы есіктер ауыстырылды. Ғимараттардың шатыры мен қасбеті ішінара жөнделді, басқа да құрылыс жұмыстары жүргізілді, тамақтану орындарының дизайны жаңартылды.

«Қызмет көрсететін нысандарда барлық жүйелер тұрақты жұмыс істеп тұр. Барлық жұмысшылар өз жұмыс орындарында және жаңа парламенттік сессияның жұмысын бастауға толық дайын», - деді МТҚБ Әкімшілік ғимараттар дирекциясы директорының м.а. Айдар Қонқаев.

МТҚБ Инженерлік орталығының директоры Манат Ысқақов дауыс беру жүйелерінің, аудио, бейне жүйелердің, мәжіліс залдарындағы дыбысты күшейтудің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламентінің ақпараттық қауіпсіздік жүйелерінің дайындығы туралы хабардар етті.

МТҚБ Автошаруашылығы директоры Нұржан Мыңжасаров қызмет көрсететін автокөліктердің дайындығы мен күзгі-қысқы маусымға дайындыққа атқарылған іс-шаралар туралы айтты. 

МТҚБ басшысы есептерді қабылдап, қол астындағыларға атқарылған жұмысы үшін алғысын білдіріп, жаңа парламент сессиясының жаңа басымдықтары мен мақсаттарын белгіледі.