Цифрландыру басқармасы Инженерлік орталықпен бірлесіп, МТҚБ құрылымындағы кәсіпорындардың қызметкерлеріне ақпараттық қауіпсіздік, мессенджерлердегі алаяқтық және фишингтік шабуылдар тақырыбында дәріс оқыды.
Дәріс өткізуге әлеуметтік желілерде (Instagram, Facebook және т.б.) және мессенджерлерде (WhatsApp, Telegram және т.б.) ұйымдар басшыларының аккаунттарын бұзу және жалған аккаунттар құру – цифрлық кеңістіктегі алаяқтықтың жаңа нысандары негізгі себеп болды. Олардың көмегімен қызметкерлерді қызметтік ақпаратты ашуға итермелейтін тапсырмалық сипаттағы хабарламалар жіберілуі мүмкін.
Шабуылшылар менеджерлердің нақты фотосуреттері мен деректерін пайдаланады және жасанды интеллект көмегімен сыртқы сенімді жалған құжаттарды жасай алады.
Мамандар МТҚБ кәсіпорындарының қызметкерлеріне алаяқтық пен фишингтік шабуылдарды тануды және мұндай жағдайларда қалай әрекет ету керектігін үйретті.
«Жұмысшылар ақпараттық қауіпсіздік ұсақ-түйектен басталатынын есте ұстауы керек. Кабинеттің кілтінен бастап, құрылғыға немесе қосымшаларға орнататын құпия сөдің сенімділігіне дейін», - деп атап өтті МТҚБ басшысының орынбасары Компаниец Сергей.