Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының қызметкерлері «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жалпықалалық сенбілікке шықты.
Іргелі ұжым елорданы көркейтуге өз үлесін қосты: МТҚБ Автошаруашылығы мекемесінің жатақханасының айналасын тәртіпке келтірді.
Жалпықалалық сенбілікке МТҚБ-ның ведомстволық қарасты ұйымдары да белсене атсалысып өз территорияларында тазалық жұмыстарын жүргізгенін айта кетейік.