Бірінші кезекте, кеңсе тауарларымен көп балалы отбасылардан шыққан мектеп жасындағы балалар, оның ішінде орта буын оқушылары мен бірінші сынып оқушылары қамтамасыз етілді.
Мәселен, кеңсе керек-жарақтарының толық жиынтығы бар 25 мектеп рюкзагы ӘҒД қызметкерлерінің 1 қыркүйекте алғаш мектеп табалдырығын аттайтын балаларына берілді. Сатып алуға қаражат кәсіпорынның резервтік қорынан бөлінді.
Сыйлықтарды табыстау барысында МТҚБ директоры Нұрбол Қаржауов: "Бала өміріндегі маңызды және есте қаларлық оқиғалардың бірі-мектептің бірінші күні. Оқу процесінің әрі қарай қалай жалғасуы баланың бірінші күнгі алған әсерімен тікелей байланысты. Біз үшін осы атаулы күнде әріптестеріміздің балалары барынша жақсы әсер алып, қуанышқа бөленуі өте маңызды. Мектеп табалдырығын аттағалы отырған барлық балаларға сапалы білім, жарқын жол және нағыз достар табуды тілеймін", - деп атап өтті.
Автошаруашылығы ұжымы көп балалы отбасылардан шыққан 45 баланы кеңсе тауарларымен және балалар шығармашылығына арналған түрлі керек-жарақтармен қамтамасыз етті. Сатып алуға қаражат кәсіпорынның бөлінбеген пайдасы есебінен бөлінді.
"Ағымдағы жылы біз Кәсіпорын қызметкерлерінің ішінде 17 отбасының 45 мектеп жасындағы баласы көмекке мұқтаж екенін анықтадық. Олардың барлығы-көп балалы отбасылар. Сондықтан да оларға көмек беру біз үшін өте маңызды болды. Біздің әріптестеріміз сыйлық жиынтықтарын қалыптастыру кезінде оқушыларға оқу процесі барысында қажет болуы мүмкін ең керекті заттарды алуға ерекше назар аударды", - деп атап өтті МТҚБ Автошаруашылығының директоры Дәулет Асқаров.
Оқу жылы басталар алдында оқушыларға сыйлықтар табыстау МТҚБ ведомстволық қарасты кәсіпорындары үшін жақсы дәстүр болып табылады.