Мәселенің негізі әлеуетті серіктесті іздеуді қамтиды. Осылайша, цифрландыру саласындағы реттеушінің ұсынысы бойынша үш ұйым - саланың көшбасшылары ұсынылды. Компаниялардың бірі - Axiom Capital МТҚБ мен ведомстволық бағынысты кәсіпорындарды цифрландыру стратегиясын қоғамдық негізде әзірлеу бойынша ұсыныстар мен бастама жасады.
Кеңес барысында компания басшысы Болат Башеев әзірлеушілер тобын таныстырып, жоба тұжырымдамасымен бөлісті. Спикердің тікелей инвестициялар және құрылымдау, корпоративтік сектор мен мемлекеттік кәсіпорындарды цифрландыру саласында тәжірибесі бар. Компания бағдарламалық қамтамасыз етуді өндіруге, микро сервистік қосымшаларды және мобильді қосымшаларды әзірлеуге, бағдарламалауға мамандандырылған.
Жобаға сәйкес бірыңғай байланыс орталығын құру, техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жұмыстарын, техникалық есепке алуды басқару процестерін, жұмыс нарядтарын басқаруды, жоспарлы жөндеу мен материалдық-техникалық қамтамасыз етуді, сондай-ақ персоналды оқытуды, талдау мен есептілікті цифрландыру жоспарланды.
Кездесу барысында МТҚБ Басшысы Әлихан Жамсатов Әкімшілік ғимараттар дирекциясының, Автошаруашылықтың, Инженерлік орталықтың және Парламентаризм институтының директорларына цифрландыру мәселелерін ерекше бақылауға алуды тапсырды. ҚР Парламентіне қызмет көрсету тиімділігін арттыру, мобильді құрылғылардан МТҚБ-ның барлық қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай нүктесін құру, қызмет көрсету процестерін цифрландыру жүргізіліп жатқан жұмыстың нәтижесі болуы тиіс -бұл кешенде жоғары сапалы кепілдендірілген қызмет көрсетуге және қызмет көрсету жылдамдығын арттыруға алып келеді.
Бұдан басқа, жүргізіліп жатқан реформалар қызметкерлердің уәждемесі мен бизнес-процестерге тартылуын арттыруға әсер етеді және қызметкерлердің уәждемесі мен мансаптық өсу жүйесін дамыту үшін жаңа перспективалар ашады.
«МТҚБ қызметінің ерекшелігі және кәсіпорындардың алдында тұрған жаңа сын-қатерлер сапалы техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді білдіреді, ғимараттар мен жабдықтардың, көліктің пайдалануға дайындығын арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, біз ақпараттық қауіпсіздік деңгейін арттырамыз және ұзақ мерзімді перспективада серверлік, компьютерлік және желілік инфрақұрылымды жаңартуды біртіндеп жүргізуді жоспарлап отырмыз.
Бұл үдерістерде үдерістерді құрылымдау және мақсатты IT-архитектураны әзірлеу, стандарттарды әзірлеу бірінші кезектегі міндет болып табылып отырғандықтан - біз ағымдағы кезеңде осыған кірістік. Айтылған мақсаттарға жету үшін осы мәселелерде кең сараптамаға ие компанияның ресурстары тартылды», - деп атап өтті А. Жамсатов.
Ғимараттарды диспетчерлендіруден басқа, Автошаруашылық қызметтерін цифрлау жоспарланды. Келешекте мобильді қосымшада автокөлікті пайдалануға тапсырыс беру және есепке алу үшін техникалық мүмкіндікті енгізу жоспарлануда. Автопарк туралы ақпаратты автоматты түрде жинау техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді жоспарлауға мүмкіндік береді.
МТҚБ ведомстволық қарасты кәсіпорындарының қызметін автоматтандыру және диспетчерлеу бойынша ұсыныстарды әзірлеуді талап ететін АТ-жобалары мен перспективалы бағыттар бойынша кеңесті тұрақты негізде өткізу жоспарлануда.