Бір ай мерзімде Парламенттің екі палатасы ғимараттарында МТҚБ ӘҒД мамандары техникалық үй-жайларды қайта жоспарлау, кірпіш қалау, оқшаулау, плиткалар мен еден жабындарын ауыстыру, монтаждау және әрлеу секілді жұмыстарды жүргізетін болады.
Бұдан басқа, алаңдарды оңтайландыру және қайта бөлу, сондай - ақ ерекше қажеттіліктері бар келушілер үшін қолжетімді орта құру шеңберінде, кіру топтары мен баспалдақтарды қайта жабдықтау, пандусты, турникеттерді монтаждау, автоматты көтергіштерді орнату. сияқты жұмыстар жүргізілуде
"МТҚБ мен ведомствоға қарасты кәсіпорындарға үлкен жауапкершілік жүктелген, біздің алдымызда Парламент ғимараттарындағы барлық қызметтер мен жүйелердің жұмысын қамтамасыз ету міндеті тұр, жұмыстар сапалы және мерзімінде орындалуы тиіс", - деп атап өтті Ә.Жамсатов.
Сонымен қатар, МТҚБ басшысы қызметкерлердің бірнеше ауысымымен кездесіп, жұмыс жағдайымен танысты. ӘҒД және инженерлік орталық қызметкерлерімен жұмыс орындарында, олардың жұмыс процесінен қол үзбей, өз міндеттерін тікелей орындау барысында әңгімелесті. Қазіргі уақытта барлық қызметкерлер формамен, қолғап, көзілдірік, респиратор және маска сияқты қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілген, барлық қажетті құралдар мен жабдықтар бар.
"Жыл сайын ӘҒД қызметкерлері барынша қысқа мерзімде үлкен алаңдарды ретке келтіреді – бұл залдар, кабинеттер, жалпы пайдалану аймақтары, өткелдер – біздің сырлаушыларымыз, ағаш ұсталары, электриктер, инженерлер үлкен көлемдегі жұмыстарды орындайды. Парламенттің кезекті сессиясының басында жөндеу жұмыстарынан басқа, барлық ақаулықтар жойылып,, қосалқы бөлшектер мен шығыс материалдары ауыстырылып, клининг жүргізілуі тиіс. Бізге қандай жауапкершлік жүктелініп тұрғанын жақсы түсінеміз және қазіргі уақытта барлық жұмыстар мерзімінде жүргізілуде ", - деп атап өтті ӘҒД директоры Нұрбол Қаржауов.
Сонымен бірге, МТҚБ инженерлік орталығы желісі бойынша жоспарлы жұмыстардың барысына бағалау жүргізілді. "Өзара байланысты кәсіпорындардағы әріптестерімен бірге Сенат пен Мәжіліс ғимараттарында серверлік, операторсыз станцияларды аралап, жоспарлы профилактикалық жұмыстардың барысын және автоматтандырылған телефон станцияларын тексерді. Барлық жүйелер штаттық режимде жұмыс істейді, жұмыстар жоспар бойынша орындалады. Сондай-ақ жазда Сенат пен Мәжілістің отырыс залдарындағы және бірлескен отырыс залындағы жабдықтарға жоспарлы сынақтар жүргізіледі, қажет болған жағдайда шығыс материалдары мен қосалқы бөлшектер ауыстырылады. Мұның бәрі Парламенттің жұмыс кезеңі басталғанда және VII шақырылымдағы депутаттар кезекті сессияның басталуымен өз қызметіне қайта оралған кезде барлық жүйелер мен қызметтер мінсіз жұмыс істеуі үшін қажет", - деп атап өтті МТҚБ инженерлік орталығының директоры Асқар Құсайынов.
Тексерудің тағы бір кезеңі МТҚБ Автошаруашылығына бару болды: объектілер мен оған іргелес аумақтың ағымдағы жай-күйін бағалау, автопаркті жөндеуге және оған қызмет көрсетуге арналған жабдықтың болуы, қауіпсіздік қағидалары мен нормаларын сақтау.
Жоғарыда аталғандармен қатар, қатысушылар қызметкерлердің қызметтік жатақханаларда тұру шарттарымен танысты-жазғы кезеңде мұнда ағымдағы жоспарлы жөндеу және жиынтықтауыштар мен шығыс материалдарын ауыстыру сияқты жұмыстар жоспарланған. Жатақханаларды тексеру барысында әлеуметтік қолдау шараларын қамтамасыз ету және қызметкерлер үшін қолайлы жағдай жасау Басқарма мен ведомстволық бағынысты кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылатыны атап өтілді.
Жұмыс барысын бағалау қорытындысы бойынша тиісті тапсырмалар ведомстволық бағынысты кәсіпорындардың директорларына және учаске басшыларына берілді.