Басты бет«МТҚБ» ММ Басшысы ведомстволық қарасты кәсіпорындардың қызметкерлерімен кездесулер өткізді

«МТҚБ» ММ Басшысы ведомстволық қарасты кәсіпорындардың қызметкерлерімен кездесулер өткізді

Өз тілектерімен және ұсыныстарымен тек әкімшілік-басқару қызметкерлері ғана емес, сонымен қатар әртүрлі бағыттағы мамандар да бөлісті: ол инженерлік және техникалық қызметкерлер, клининг қызметі, жүргізушілер, механиктер, полиграфия қызметкерлері, бағдардарлама әзірлеушілер мен IT-мамандар, кездесулерге кәсіпорындардың барлығы 500-ге жуық қызметкері қатысты.

Сұрақтардың негізгі жиынтығы операциялық қызметпен, тиімділікті арттыру бойынша ұсыныстармен байланысты болды, сондай-ақ жалақыны арттыруға және сыйақы беру жүйесін қайта қарауға қатысты болды. Бұдан басқа, қызметкерлер техникалық жабдықтауды жаңарту, материалдармен және жұмыс киіммен үздіксіз қамтамасыз ету қажеттілігі туралы айтты - ведомстволық қарасты кәсіпорындардың ұжымы осыған белсенді қатысуға және жұмыс формасына қойылатын талаптарға ұсыныстар беруге дайын. Сонымен қатар, қызметкерлер балалардың бос уақытын және демалысын, санаторлық-курорттық емдеуді ұйымдастыру мүмкіндігін қарастыруды сұрады. 

Кездесулер барысында ұжымдардың барлық мәселелері мен тілектері жинақталды, қысқа мерзімде заңгерлермен, экономистермен, персоналды басқару бөлімшелерінің мамандарымен бірлесіп, жауаптар дайындалып, түсіндірілетін болады. МТҚБ Басшысы Әлихан Жамсатов «Кездесу барысында айтылған әрбір мәселе менің жеке бақылауымда болады. Біз сенімді нығайту және кәсіпорын қызметкерлерімен қарым - қатынас орнату үшін, сондай-ақ ұжым динамикадағы оң өзгерістерді көре алуы үшін осы форматты тұрақты негізде қолдауға ниеттіміз», - деп атап өтті. Ұйым диалогтың шынайы екеніне, оның нәтижесінде өсу деңгейін тез анықтауға және кәсіпорындардың қызметіне жақсартулар мен өзгерістер енгізуге мүмкіндік беретініне сенімді.