Басты бетХалықаралық жастар күні

Халықаралық жастар күні

Халықаралық Жастар күні жыл сайын 12 тамызда жастардың әлемді құру мен дамыту рөлін және олардың жолында тұрған күнделікті проблемаларды еске түсіру мақсатында атап өтіледі. 

 Мемлекеттің тұрақты дамуының негізі – бәсекеге қабілетті жастар буыны, ал бұл тікелей жас қазақстандықтардың білім мен білік сапасына, олардың ұмтылысы мен ынтасына байланысты. 

Сондықтан да мемлекеттік саясаттың негізгі бағытының бірі - жастар секторы. Жастар секторына Қазақстанда айрықша назар аударылады. 

 Соған орай, елімізде «Мемлекеттiк жастар саясаты туралы» заң қабылданған. 

Мемлекеттiк жастар саясатының мақсаты жастардың рухани, мәдени, білім алып, кәсіби және дене бітімінің толыққанды дамуы, шешімдер қабылдау процесіне қатысуы, ойдағыдай әлеуметтенуі және олардың әлеуетін елді одан әрі дамытуға бағыттау үшін жағдайлар жасау болып табылады. 

Кәсіпорында 22-30 жас шамасында 38 жұмысшы жұмыс жасайды. Олар Қазақстан және шет ел жоғарғы білім оқу орнын аяқтаған, бәсекеге қабілетті тұлға ретінде өзінің еңбекжолында тәжірибе жинап, үлгілі маман ретінде жұмыс жасауда.