Санитарлық-профилактикалық іс-шаралар шеңберінде мемлекеттік және ішкі қаулыларға сәйкес бірқатар шаралар қабылданды, атап айтқанда:
- жалпы маскалық режим енгізілді;
- Кәсіпорынның барлық қызметкерлеріне нұсқамалар өткізілді;
- барлық қызмет көрсетілетін ғимараттарда ақпараттық постерлер мен жадынамалар ілінді;
- Кәсіпорынның қонақтарымен және қызмет көрсететін тұлғаларымен жұмыс істеуге тартылған тұлғалар, COVID-19-ға үнемі тестілеуден өтеді;
- тұрақты түрде ылғалды жинау және үй-жайларды санитарлық түрде өңдеу жүргізіледі.
Қазіргі уақытта «МТҚБ ӘҒД» РМК қызметкерлері арасында коронавирустық инфекциямен ауырған адамдар анықталмаған.