28 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы спартакиадасы спорттық жарыстарының кезекті кезеңі аяқталды. Осындай жарыстар жақсы дәстүрге айналды және жыл сайын қатысушылар мен олардың жанкүйерлері айтарлықтай артып келеді.
Бильярд бойынша жарысқа 15 команда қатысып, үшінші жүлделі орынға "ҚР Президенті Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы" РМК-ның командасы ие болды.
Ақтық жарыста Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы мен "Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы" РМК командалары кездесті.
Екі ойын қорытындысы бойынша күрес 1:1 тең дәрежеде өтті, ойыншылар шабуылдау тактикасымен, сирек қайтарды.
3:7 есебімен МТҚБ командасының өкілі Амангельдин Дидар барлық ерік-жігерді жұдырыққа жинап, керемет "Камбэк" жасады және МТҚБ командасының қоржынына кезекті жеңіс алып, 8:7 есебімен жеңіске жетті.
Сонымен қатар, біздің команданың ойыншысы Амангельдин Дидар турнирдің үздік ойыншысы болып танылды.