Басты бетМәжіліс Төрағасы Н. Нығматулин Еуразия елдері Спикерлерінің 4-кеңесін ұйымдастырып, өткізуге қаты...

Мәжіліс Төрағасы Н. Нығматулин Еуразия елдері Спикерлерінің 4-кеңесін ұйымдастырып, өткізуге қатысқандарға алғыс білдірді

Бұл туралы өзінің твиттер парақшасында жазды (https://twitter.com/NigmatulinKZ). 

 «Елордада 4 - Еуразия парламенттік форумы сәтті өтті. Еуропа, Азия парламентшілері Елбасының интеграциялық бастамаларын жоғары бағалап, қорытынды Мәлімдемеде бекітті. 

 Қатысушыларға, ұйымдастырушыларға, мемлекеттік органдарға, журналистерге, техникалық қызмет мамандарына алғыс білдіремін», -деп жазды Нұрлан Нығматулин. 4-кеңестің қорытынды Мәлімдемесінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Еуразиялық идеяның , сондай-ақ, еуразиялық кеңістіктегі бірқатар интеграциялық экономикалық институттардың авторы және бастамашысы ретінде тарихи үлесі айтылып, бекітілді. Форумға қатысушылар болашақ Еуропаны бейбітшіліктің, ынтымақтастық пен өзара іс-қимылдың, ортақ құндылықтар мен бірдей мүмкіндіктердің біртұтас кеңістігі ретінде қарайтын ортақ көзқарасты қолдап, Еуразия континентінің бүгіні мен болашағы туралы мүдделес әрі ашық диалогты алға бастыруға әзір екендіктерін білдірді. Жиынға 65 елден парламенттік делегация, 14 халықаралық парламенттік ұйым мүшелері, мемлекеттік орган өкілдері, сарапшылар, еріктілер, аудармашылар, техникалық қызмет мамандары қатысып, 300 ден астам қазақстандық және шетелдік ақпарат өкілдері насихаттады . (ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметі)     

 Ақпарат көзі:  Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі