Тренингті коммуникация жөніндегі сарапшы, мемлекеттік PR және SMM саласындағы консультант, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының баспасөз хатшысы Ақерке Берлібай және «ҚР ПІБ БМО» РМК фотографы Сәуле Темірболатова жүргізді.
Курс екі бөлімнен тұрды. Бірінші бөлім әлеуметтік желілердегі жұмыс принциптері, SMM табысты саясаты және ҚР ПІБ ведомстволық қарасты ұйымдарының ресми беттеріне шолу туралы.
Екінші бөлім фотосуреттің тарихына, фотосуреттерді шолуға, ракурс пен жарықты таңдаудағы дұрыстығына арналды.