Хабарлау жүйесі арқылы ҚР Президенті Іс басқармасының атынан барлық мемлекеттік қызметшілерге құттықтау сөздері айтылды, содан кейін Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының барлық қызметкерлерінің қатысуымен әнұран орындалды.
Іс-шараның соңында МТҚБ Басшысы барлық қызметкерлерді алда келе жатқан Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтап, береке-бірлік, бейбітшілік және біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы игілігі жолында жаңа жетістіктер тіледі.