2016 жылғы 23 сәуірде жалпы қалалық сенбілікті өткізу аясында Қазақстан РеспубликасыПарламентінің Шаруашылық басқармасы мен оның ведомстволық қарасты кәсіпорындары қызмет көрсететін объектілер аумағын тазалады – іргелес жатқан аумақты тазалау, аумақтың іші менсыртындағы ағаштарды, бордюрларды, шарбақтың фундаментін ақтау сияқты, жаңбырмен арық-лотокты кәріздердің желілерін тазалау жұмыстары жүргізілді.
Парламент ШБ және оның ведомстволық қарасты кәсіпорындарының жұмыскерлері жыл сайын жалпықалалық сенбіліктерге белсенеқатысып, қаланың абаттандыруы мен өркендеуіне үлес қосады.