Турнирге ҚР ПІБ-тің ведомстволық қарасты ұйымдары арасынан 15 команда қатысты. Парламенттің ШБ командасына күшті де лайықты қарсыластар тап болды. Лайықты тартыста біздің команда жүлделі үшінші орынды иеленді. ШБ командасы ойыншыларының бірі «ҚР Парламенті ШБ-ның Қызметтік тұрғын үйлерді пайдалану жөніндегі дирекциясы» РМК қызметкері Баймағамбетов Азамат Сартайұлына «Үздік пас беруші» номинациясы бойынша диплом табыс етілді.
Сондай-ақ біздің спортшыларға өздерінің белсенділігімен және ұрандарымен өлшеусіз қолдау көрсеткен жанкүйерлердің ерекше үлесін атап өту қажет.