Басты бет«Сапа – кәсіпорын мәртебесі» семинарымен МТҚБ ӘҒД Дүниежүзілік сапа күнін атап өтті

«Сапа – кәсіпорын мәртебесі» семинарымен МТҚБ ӘҒД Дүниежүзілік сапа күнін атап өтті

«Сапа – кәсіпорын мәртебесі» семинарымен МТҚБ ӘҒД Дүниежүзілік сапа күнін атап өтті «Сапа – кәсіпорын мәртебесі» семинарымен МТҚБ ӘҒД Дүниежүзілік сапа күнін атап өтті «Сапа – кәсіпорын мәртебесі» семинарымен МТҚБ ӘҒД Дүниежүзілік сапа күнін атап өтті

МТҚБ Әкімшілік ғимараттары дирекциясының тауарларын сатып алуға және сапасына жауапты орта буын басшылары, сондай-ақ құжаттамамен жұмыс істеуге тікелей қатысы бар мамандар практикалық семинарда өздерінің барлық сұрақтарына жауап алды, стандарттармен жұмыс істеудің қыр-сырын білді.

«Сапа күні – мамандарға халықаралық және ұлттық стандарттар жүйесінің қалай жұмыс істейтінін, оның не үшін қажет және маңызды екенін, инновацияларды талқылауды тағы бір рет еске салуға себеп. Жұмыс қызу, сол себепті мамандардың сұрақтары бар екені анық», - деді сапа жөніндегі қызмет бастығы Айдана Кенжебек.

МТҚБ құрылымында сапалы қызмет көрсетуге ерекше мән беріледі. Мысалы, МТҚБ ӘҒД-да ҚР СТ ISO 9001-2016, ҚР СТ ISO 50001-2019 және ҚР СТ ISO 22000-2019 сапа менеджменті, энергия менеджменті және азық-түлік қауіпсіздігі жүйелеріне бағдарланған үш ұлттық стадарт енгізілді.

Енгізілген стандарттар бойынша кәсіпорын жұмысының сапасының сәйкестіктігін растау үшін жыл сайын тәуелсіз аудит жүргізіледі.