Басты бетМТҚБ Автошаруашылығында электрмобильдерін тәжірибе жүзінде пайдалану басталады

МТҚБ Автошаруашылығында электрмобильдерін тәжірибе жүзінде пайдалану басталады

МТҚБ Автошаруашылығында электрмобильдерін тәжірибе жүзінде пайдалану басталады МТҚБ Автошаруашылығында электрмобильдерін тәжірибе жүзінде пайдалану басталады

«МТҚБ Автошаруашылығы» РМК автопаркі BYD Han маркалы екі электромобильмен толықтырылды. Автомобильдер «жасыл экономикаға» көшу концепциясын жүзеге асыру аясында олардың әлеуетті мүмкіндіктерін бағалау үшін сатып алынды.

«Дәл осы транспорт түрін бірнеше негіздерге сүйеніп алдық. Біріншіден, заманға сай болуымыз және қоршаған ортаны қорғауымыз керек. Екіншіден, электр энергиясының салыстырмалы тұрақты бағасының арқасында электрмобильдерді күнделікті пайдалану арзанырақ. Олар тіпті кейбір салық түрлерінен босатылған. Бұдан басқа, баға мен сапа жағынан алатын болсақ, мамандардың ойынша BYD Han – ең тиімді электр транспорттардың бірі» - деді автошаруашылық директоры Дәулет Асқаров.

Электромобильдер атмосфераны ластамайды, шусыз және жұмыс істеуге ыңғайлы, сонымен қатар қауіпсіз.