МТҚБ Инженерлік орталығы архивтеу қызметінің ұжымы «Архив ісіне ерекше үлес қосқаны үшін» елдегі үздік архивтердің бірі болып танылды.
22 желтоқсан Архивші күніне «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Заңның 25 жылдығына орай салтанатты жиналысқа және жұмыстың қорытындысын шығаруға 200-ге жуық ұйымдар, ұлттық қорды толықтыру көздері жиналды. Архивтеу қызметінің жетекшісіне Алғыс хатты Ұлттық архивтің директоры Сағила Нұрланованың өзі табыстады.
«Қазақстан Республикасының Ұлттық архивіне кіретін құжаттарды ел игілігі үшін қалыптастыруға, дұрыс сақтауға және қолдануға белсенді қатысқаныңыз үшін алғыс білдіреміз» - деп жазылған Алғыс хат мәтінінде.