МТҚБ заң басқармасының мамандары ведомстволық кәсіпорындардың қызметкерлері үшін мемлекеттік сатып алу сұрақтары бойынша практикалық семинар ұйымдастырды.
ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің өкілі Жағалбай Ажібек аудит органдарымен жүргізілетін тексерістер кезінде анықталып жататын әдеттегі бұзылушылықтарды болдырмас үшін заңнаманы қолдануды егжей-тегжей түсіндірді.
Уәкілетті органның өкілі отандық тауар өндірушілерден сатып алуды ұйымдастыру аясында мердігерлермен жұмыс істеуді бүге-шүгесіне дейін айтып берді, камералық бақылау әдістемесі және мемлекеттік сатып алудың ерекше тәртібін қолдану бойынша сұрақтарға жауап берді. Семинарға қатысушылар ықтимал жеткізушілердің шағымдарын бақылау әдістемесі, бір көзден сатып алу және алдағы жаңа ережелер бойынша да түсініктемелер алды.
Семинар қатысушылары МТҚБ ұйымдастырушыларынан осы сияқты уәкілетті органның мамандарымен кездесулерді жиі өткізіп, дәстүрге айналдыруды сұрады.