Тұрғындардың қозғалысы шектеулі топтарының қолайлылығы үшін Мәжілістің қоғамдық қабылдауы Министрліктер үйі «В» блогының астыңғы қабатына көшірілді, арбаларға арналған көтергіш механизм орнатылды, және талаптарға сәйкес пандус қайта жасалды.
Мәжіліс ғимаратында тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерін жаңғыртудың 4-ші кезеңі аяқталды. Екі ағынды-сорғылы жүйе, 221 фанкойл, Сенат ғимаратында үш жылыту қазандықтары, Мәжіліс ғимаратында екі чиллер ауыстырылды, бет-әлпетті тану FACE ID терминалдары орнатылды.
Мәжіліс ғимараты шатырына жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізілді, Парламент холлдарының бірінде депутаттардың демалысы мен бейресми сұхбаттарға арналған шағын қысқы бақ жабдықтандырылды.
«Ағымдағы жылы МТҚБ ӘҒД жұмыскерлері өз күшімізбен ең көп жөндеу жұмыстарын жүргіздік. Жөнделген кабинеттер мен басқа да бөлмелердің жалпы ауданы 32,9 мың шаршы метрді құрайды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 156%-ға артық. Бұдан басқа, тағам ассортиментінің және асханаға келушілердің саны артуына байланысты қоғамдық тамақтану пункттерінің кірісі 27%-ға өсті» - деп РМК директоры Нұрболат Ертас атап өтті.