Турнирге қатысқан 13 команданың ішінде Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының құрамасы жүлделі Бірінші орынды иеленді. Команда мүшелерін құттықтаймыз және белсенділік танытқандары үшін алғыс білдіреміз! Сондай-ақ турнир шеңберіндегі Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының ведомстволық қарасты кәсіпорындары арасындағы үш жарыстың қорытындысы бойынша Шаруашылық басқармасының командасы жалпы командалық есеп бойынша Бірінші орынға тұрақтады.