Еске сала кетсек, турнирдің ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі 6 команданы жұмылдырған болатын. Турнирге қатысқандардың барлығы аса шеберлікпенкөзге түсті. Әрбір ойыннан жанкүйерлер үлкен әсер алды. Шындығында қызығушылық құштарлығынан алаңда ойын қызу өтті.
Әрбір салынған «голға» ду қол шапалақпен қошемет көрсетілді.Жарыстың қорытындысы бойынша:
Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы 1-ші орынға;
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 2-ші орынға;
ҚР Парламентінің Шаруашылық басқармасы 3-ші орынға ие болды.
Барлық ойыншылар медальдармен, грамотамалармен, сондай-ақ бағалы сыйлықтармен марапатталды.