Салтанатты жиналыс барысында «Парламент ШБ-ның Әкімшілік ғимараттар дирекциясы» РМК желдету қызметінің механигі – А.М. Арутюновқа Қазақстан Республикасының Президенті – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қолы қойылған Құрмет грамотасы табыс етілді.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының 2014 жылы өткізген спорттық іс-шараларында жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленгені үшін Парламенттің Шаруашылық басқармасына жарыс кубогы берілді.