Басты бетҰлы Отан соғысы Жеңісінің 70-жылдығына арналған “Ұрпақтар диалогы” тақырыбындағы дөңгелек үстел

Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70-жылдығына арналған “Ұрпақтар диалогы” тақырыбындағы дөңгелек үстел

     Іс-шараға Ұлы Отан соғысының ардагерлері Бекенов Кадан және Леонид Михайлович, Астана қаласы Есіл ауданы ардагерлер кеңесінің төрайымы Рысты Тұрғымбайқызы Атығаева, «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалының «Бірлік» филиалы Төрағасының орынбасары Әлия Нұрышқызы Қайрашова, сондай-ақ бастапқы партия ұйымдары төрағаларының орынбасарлары мен «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалы «Бірлік» филиалының жастары қатысты.  

    Дөңгелек үстел барысында ардагерлер естеліктерімен бөлісті, ал қатысушылар болса, қазақстандық жастардың тарих пен Ұлы Отан соғысы туралы мәліметтерге қанықтылығы жөніндегі, сондай-ақ жеңістің 70-жылдығына арналған іс-шаралар туралы талқылауға белсенді атсалысты.   

Іс-шара соңында ардагерлер жастарды тарихты ұлықтап, аға ұрпаққа деген құрметті естен шығармауға және Отан үшін еңбек етуге шақырып, тілектерін білдірді.