Турнир позитивті нотада өтті, спорт алаңшасында салауатты, командалық рух орнап тұрды, жанкүйерлер қолдау белгісі ретінде ұрандарын жоғары көтере отырып, өз командаларын жұмыла қолдады.ҚР Парламенті ШБ-ның құрама командасы жарыстарға белсене қатысты да, ҚР Президенті Іс басқармасының және «ҚР ПІБ ӘҒД» РМК командаларына жол беріп 3-орын алды. Турнир жеңімпаздары дипломдармен, кубоктармен және медальдермен марапатталды, басқа қатысушылар естелік жүлделермен ынталандырылды.