Басты бет1 маусым – Балаларды қорғау күні

1 маусым – Балаларды қорғау күні

 

Бағдарлама асфальтта сурет салу байқауынан басталды, балалар жайдары көңіл күймен, қызыға борларын алып бірден кірісіп кетті, көп ұзамай алаңша ашық түсті суреттермен құлпырды. Отбасылық спорт жарыстары мереке қонақтарына да, қатысушылардың өздеріне де мол әсер мен қуанышқа толы болды. Мейрам мақтау қағаздарын тапсырумен, мерекелік концертпен аяқталды, балаларға арналып тәтті тағамды дастархан ұйымдастырылды. Мерекенің барлық қатысушыларына бағалы сыйлықтар берілді.