Астана – біздің планетаның ең жас астанасы болып табылады.Ел басының – Ұлт көшбасшысының данагөй саясатының арқасында біздің астанамыз бүкіл елге танымал. Астана Қазақстанның саяси, мәдени және білім орталығы болып табылады. Жыл сайын Астанаға мыңдаған қонақтар мен саяхатшылар келеді, жігерлі және шапшаң өсіп келе жатқан қалаға сүйсінеді және қайран қалады.Астана қаласында Қазақстан Республикасы Парламентінің жоғары деңгейде өткізген Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V съезі, Қазақстан халқының Ассамблеясының 20-жылдығы әлемдік бірлестікке тағы да көрнекі түрде республиканың дамуының бағдарлары мен негізгі бағыттарын танытты.Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасы астананың тіршілік әрекетіне белсенді қатысады, осылайша Астананың дамуы мен гүлденуіне айтарлықтай үлес қосады. Қаланың туған күні қарсаңында зор денсаулық, жұмыста табыс және жанұяда ынтымақ тілейміз.