Парламентаризм институтының директоры Қанатбек Сафинов Грузия парламенттік зерттеулер орталығының басшысы Екатерина Кардавамен Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Қазақстандық және грузиндік тараптар бірлескен ғылыми зерттеулер, конференциялар мен дөңгелек үстелдер өткізу, сондай-ақ сарапшылармен алмасу, тағылымдамалар туралы уағдаласты.
Меморандум одан әрі ұзарту мүмкіндігімен бес жыл мерзімге жасалды.
Грузияның Парламенттік зерттеулер орталығы 2018 жылы құрылды және заң шығарушылық қызметте мол тәжірибесі бар, нормативтік актілердің сақталуын қадағалау, реттеудің нақты әсерін бағалау сияқты функцияларды орындайды және тақырыптық тексерулерге қатысады.