«Парламентаризм институты» РМК басшылығы ҚР Парламенті Мәжілісінің бюросымен VIII сайланған ҚР Парламентінің бірінші сессиясындағы өзара іс-қимыл нәтижелерін талқылады.
VIII шақырылымның бірінші сессиясына Парламент Мәжілісімен бірлескен жұмыс жоспары толық көлемде және белгіленген мерзімде орындалды. Институт мамандарының кәсібилігі мен жұмыс тиімділігіне парламентшілер оң баға берді.
Көрсетілген кезеңде Институт сарапшылары Парламент депутаттарымен бірлесіп 19 заң жобасын әзірледі (жоспар бойынша – 9), 22 заң жобасына сараптамалық-талдамалық сүйемелдеу және ветеринария саласындағы заңнамалық актілерді толық түгендеу жүргізілді.
Сонымен қатар, Институт мамандары ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының қарауына келіп түскен 37 заң жобасына сараптамалық қорытындылар дайындады (оның 15-ін Үкімет енгізді, 22-іне халық қалаулыларының өздері бастамашылық етті).
Ағымдағы сессияға жоспарланған 26 заң жобасы бар. Осылайша, Институттың заң жобалау жұмысына қатысу көлемі үш есеге артты.