МТҚБ кәсіпорындары жұмыскерлерінің 127 баласы оқу жылының басында сыйлықтар алатын болады. Бұған МТҚБ құрылымында «Мектепке апарар жол» акциясы басталып кетті.
Мектеп керек-жарақтары бар рюкзактар бірінші сынып оқушыларына, көп балалы және әлеуметтік осал отбасылардан шыққан оқушыларға дайындалған. Автошаруашылығында акция 62 балаға, Әкімшілік ғимараттары дирекциясында – 36, Инженерлік орталықта – 20, Парламентаризм институтында – 9 балаға әсер етеді.
Айтпақшы, Парламентаризм институтының ұжымы акцияны қызметкерлердің жеке қаржысынан қайырымдылық негізде өткізуде.