Басты бетПарламент ғимараттарының кешенінде электрмен жабдықтау желілерінің құрылысы аяқталды

Парламент ғимараттарының кешенінде электрмен жабдықтау желілерінің құрылысы аяқталды

Парламент ғимараттарының кешенінде электрмен жабдықтау желілерінің құрылысы аяқталды

ҚР Парламенті Мәжілісі мен Сенатының ғимараттарында резервтік электрмен жабдықтау желілерінің құрылысы олардың энергияға тұрақтылығын күшейту мақсатында жүргізілді.

Әр түрлі қосалқы станцияларға қосылу және кабельдік желілердің тәуелсіз орналасуы Парламент ғимараттарын электрмен жабдықтау сенімділігін арттырды. Осылайша, төтенше жағдайлар туындаған жағдайда өкілді биліктің үздіксіз жұмысын қосымша қорғау қамтамасыз етілді.

«Жұмысты жүргізген мердігер ұйым инфрақұрылымдық жобаны шартта белгіленген мерзімде аяқтады. Жобаны іске асыруда қиындықтар туындаған жоқ. Электр желілері пайдалануға берілді» - деп «МТҚБ Әкімшілік ғимараттары дирекциясы» РМК директоры Нұрболат Ертас МТҚБ басшысына баяндады.