Басты бетМТҚБ ӘҒД Парламент ғимараттарының автономды қазандықтары мен чиллерлерін ауыстыруда

МТҚБ ӘҒД Парламент ғимараттарының автономды қазандықтары мен чиллерлерін ауыстыруда

МТҚБ ӘҒД Парламент ғимараттарының автономды қазандықтары мен чиллерлерін ауыстыруда

Парламент Сенаты ғимаратының автономды жылыту қазандықтарын ауыстыру аяқталуға жақын. 20 шілдеге дейін Парламент ғимараттарын жылыту жүйесі бойынша барлық монтаждау және іске қосу-реттеу жұмыстары аяқталады, ал тамыз айының ортасына қарай объектіге жылыту маусымының басталуына дайындық паспорттарын алу жоспарлануда.

Бұл туралы МТҚБ басшысы Әлихан Жамсатовқа «МТҚБ әкімшілік ғимараттары дирекциясы» РМК директоры күзгі-қысқы кезеңге дайындықты аралау барысында баяндады.

«Жылыту қазандықтары 2006 жылы Парламент ғимараттарымен бірге пайдалануға берілді және ұзақ уақыт жұмыс істеді. Біз үшін өткен қысқы кезең оңай болған жоқ: төтенше жағдайлар 17 рет орын алды. Қазіргі уақытта ескі қазандықтар бөлшектеліп, жаңалары орнатылып, монтаждауға кірісті. Жоба бойынша жалпы дайындық 80% құрайды», - деді ӘҒД басшысы Нұрболат Ертас.

Парламент Сенатының ғимаратындағы автономды жылыту қазандықтарын ауыстыру мерзімінде толығымен аяқталады, - деп ол МТҚБ басшысын сендірді.

Бұдан басқа, МТҚБ ДАЗ инженерлік-техникалық қызметі ҚР Парламенті ғимараттарының ауаны баптау жүйесінің чиллерлерін жоспарлы ауыстыруға дайындалуда. Ауыстыру шарты өндіруші зауыттың ресми дистрибьюторымен жасалды.

Парламент ғимараты пайдалануға берілген кезде орнатылған чиллерлердің өндірістік ресурсы толығымен таусылды. Қолданыстағы жабдық көрсеткен сенімділікке байланысты және жаңасын бейімдеу шығындарын азайту үшін итальяндық өндірушіден өнеркәсіптік кондиционерлеу жүйелерін сатып алу туралы шешім қабылданды.

Жаңа чиллерлер Қазақстанға жөнелтілді. Орталық кондиционерлеу жүйесінің тоңазытқыш машиналарын бөлшектеу және монтаждау тамыз айына жоспарланған. Жұмыс жаңа жабдық келгеннен кейін бірден басталады. Ауыстыру 10 күн ішінде жүзеге асырылады.