МТҚБ басшысы Әлихан Жамсатов ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің резервтік электрмен жабдықтау желілерінің құрылысын жүзеге асыратын мердігерлермен кеңес өткізді. МТҚБ басшысы жобаның сапасы мен орындалу мерзіміне қызығушылық танытты.
«Тесла» ЖШС директоры Василий Рей жұмыстар кесте бойынша жүргізіліп жатыр, іске асыруда қиындықтар туындамайды, инфрақұрылымдық жоба шартта белгіленген мерзімде аяқталады деп сендірді.
Әр түрлі қосалқы станцияларға қосылу және кабельдік желілердің тәуелсіз орналасуы Парламент ғимараттарын электрмен жабдықтаудың тиімділігін арттырады және істен шығудың алдын алады.