Кәсіпорынның мерейтойы еңбек ардагерлерінің еңбегін атап өтуге себеп болды. МТҚБ Әкімшілік ғимараттары дирекциясындағы жұмыс тәжірибесі 20 жылдан асатын 27 қызметкер ерекшелік белгілерімен, құрмет грамоталарымен марапатталды және оларға басшылық жылы лебіздерін білдірді.
ҚР Парламентінің Мәжіліс пен Сенат аппараттарының, ҚР Президенті Іс басқармасы басшылары еңбек ардагерлеріне атқарып жатқан жұмыстары үшін алғыс айтып, грамоталармен марапаттап, жұмыста табыс тіледі.
Парламент пен оның ғимараттарына 30-дан астам түрлі мамандықтардың өкілдері қызмет етеді, олар: техниктер, электриктер, сантехниктер, аспаздар, полиграфистер және басқа мамандар.