ҚР Президенті Іс басқарушысының бұйрығымен Светлана Кучерова 2023 жылғы 17 сәуірден бастап ҚР ПІБ Материалдық-техникалық қызмет көрсету басқармасы басшысының орынбасары болып тағайындалды.
МТҚБ басшысы Әлихан Жамсатов ұжымға жаңа орынбасарды таныстырып, табысты жұмыс тіледі.
Кучерова Светлана Александровна Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ және ҚазГУ университеттерін бітірді. Мамандығы - қаржыгер және құқық бакалавры.
Еңбек жолын 1997 жылы Қарағанды облыстық қаржы басқармасының Бұқар-Жырау қаржы бөлімінде бюджет бөлімінің аға маманы болып бастаған.
ҚР Қаржы министрлігі мен ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде бюджеттеу және мемлекеттік органдарының шығыстарын басқару саласында 25 жылдан астам жұмыс өтілі бар.
2014 жылдан 2017 жылға дейін Еуразиялық экономикалық комиссияда Қазақстанның мүддесін қорғады, онда қаржы департаменті директорының орынбасары лауазымында жұмыс істеді.
Қызметке тағайындалғанға дейін ҚР Қаржы министрлігінде мемлекеттік органдарының бюджет департаментінің директоры болып жұмыс істеген.