Басты бетМТҚБ құрылымының кәсіпорындары ПІБ бағалау призмасы арқылы 2022 жылғы жұмыс нәтижелерін талдады

МТҚБ құрылымының кәсіпорындары ПІБ бағалау призмасы арқылы 2022 жылғы жұмыс нәтижелерін талдады

МТҚБ құрылымының кәсіпорындары ПІБ бағалау призмасы арқылы 2022 жылғы жұмыс нәтижелерін талдады

Мемлекет басшысының VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында берілген тапсырмаларын, сондай-ақ 2022 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша МТҚБ құрылымының кәсіпорындары алған бағалау нәтижелерін ведомстволық бағынысты ұйымдардың директорларымен ҚР ПІБ материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының басшысы Әлихан Жамсатов талқылады.
Жаңа сайланған Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында мемлекет басшысы мемлекеттік органдар қатарын жоғары ынталы және жоғары білікті мамандармен толықтыруға, сондай-ақ Электрондық Парламент құру қажеттілігіне ерекше назар аударды.

«...Өткен жылы мемлекеттік аппарат пен заң шығару процесінің қызметін бюрократсыздандыру бойынша маңызды жұмыс басталды... Электрондық Үкіметтің инфрақұрылымын дамытумен қатар, биліктің өкілді тармағын одан әрі цифрландыруға да назар аудару қажет. Электрондық Парламент пен барлық деңгейдегі мәслихаттар қоғамның билікке деген сенімін едәуір нығайта алады, - деп тапсырма берді ҚР Президенті.

МТҚБ басшысы Кәсіпорын басшыларына Мемлекет басшысының тапсырмаларын ерекше назар мен бақылауда ұстауды тапсырды.

Сондай-ақ, кеңесте ағымдағы жылдың 3 тоқсанына арналған өндірістік жоспарлар, қаржылық және орындаушылық тәртіп мәселелері, ағымдағы жылдың соңына дейін Кәсіпорындарды дамыту бағыттары пысықталды.

- Өткен жылғы жұмыс нәтижелері бойынша МТҚБ тобының кәсіпорындары алған қорытынды бағалар жақсы, бірақ ең жоғары емес. Мен Сіздерге: осыдан қорытынды жасауға, жоғары ұпай жинамаған барлық бағыттарды мұқият пысықтауға және өз жұмысыңызды барынша тиімді етуге тапсырма беремін, – деп атап өтті Әлихан Жамсатов.