Басты бетМТҚБ заң кеңесшісі Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен сот төрешісі болып тағайындалды

МТҚБ заң кеңесшісі Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен сот төрешісі болып тағайындалды

МТҚБ заң кеңесшісі Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен сот төрешісі болып тағайындалды

ҚР ПІБ МТҚБ заң басқармасының басшысы Ұлан Зетов 24 наурызда ҚР Президентінің № 150 Жарлығымен Қарағанды қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрешісі болып тағайындалды.

- Біз Ұлан Аманшүкірұлы үшін қуаныштымыз және оның сауатты әрі әділ сот төрешісі болатынына сенімдіміз. Біздің маманның осылай өскені, Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігі академиясын бітіргені, өз мақсатына қол жеткізгені және сот төрешісі болып тағайындалғаны - менің ойымша, оның үлкен жеке жетістігі және біздің ұжымның барлық мемлекеттік қызметшілері үшін дамуға жақсы уәждемесі, - деп атап өтті МТҚБ басшысы Әлихан Жамсатов.

ПІБ құқықтық қамтамасыз ету жүйесінде әртүрлі лауазымдарда Ұлан Зетов 10 жылдан астам жұмыс істеді. 2019 жылдан бастап МТҚБ заң басқармасын басқарды.

- Неліктен мен өз мансабымды сот төрешісі лауазымына ауыстыруды шештім? Өйткені Мен мұнда қоғамға көбірек пайда әкелетінімді түсіндім. Сотта әр түрлі істер құрамы, әр түрлі адамдар өздерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін сапалы құқықтық көмекке жүгінеді. Жоғары жауапкершілік, бірақ нәтиже әрқашан көрінеді, - деді Ұлан Зетов.

МТҚБ ұжымы өз әріптесін жаңа, осындай жауапты жұмыс орнына мақтанышпен жіберіп, оған сәттілік тіледі.